
Әміржанов Жанат Қабижанұлы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы
Өмірбаян
Жанат Қабижанұлы 1969 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Ольгинка ауылында дүниеге келген.
Солтүстік Зауралье мемлекеттік аграрлық университетін ветеринариялық дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық академияны заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Ольгинский совхозында бас ветеринарлық дәрігер болып бастады, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді.
1998-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мен Шал ақын ауданында әкімнің орынбасары, ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды.
2012 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясының директоры қызметін атқарды.
Жанат Қабижанұлы 20 жылдан астам уақыт ветеринария саласында жұмыс істейді.
Құрылған сәттен бастап Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясының қатардағы ветеринарлық дәрігерінен директорына дейінгі жолды өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бар, Тимирязев ауданында және Шал ақын ауданында ауылдық округ әкімі болып жұмыс істеді, Сергеевка қаласы әкімінің орынбасары болды.
Осы жылдар ішінде ол өзін өз ісінің маманы ретінде көрсетті. Қажетті кәсіби білімі және мемлекеттік басқарудың кең тәжірибесі бар.