
Ахмиева Жанар Құрметқызы
Ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1970 жылы РФ Омбы облысы Исилькуль ауданының Боевое ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Омбы қаржы техникумын бітірді, біліктілігі – бухгалтер, 2008 жылы М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, біліктілігі — "мемлекеттік басқару бакалавры".
2008 жылдан бастап мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жұмыс істейді.
СҚО Петропавл қаласында СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдары мекемелерінің бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, СҚО мемлекеттік органдарының түсімдерді болжау және қызметінің тиімділігін бағалау бөлімінің бас маманы, түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы, СҚО әкімдігінің экономика басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта СҚО әкімдігінің экономика басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
Мемлекеттік қызмет өтілі— 15жыл.
Алғыс хатымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.





