Міндеттері:
мына салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру:
1) стратегиялық және экономикалық жоспарлау;
2) Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық экономикалық саясатты іске асыруды салааралық және өңірішілік үйлестіру;
3) ауылдық аумақтарды дамыту;
4) жергілікті инвестициялық жобаларды қалыптастыру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік;
6) сыртқы экономикалық және шекара маңындағы ынтымақтастық;
7) Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Өкілеттері:
Құқықтары мен міндеттері:
1) облыс әкімі мен әкімдігінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, бюджеттік жоспарлау саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы бойынша жұмысты, оның ішінде «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА» порталдарын толтыру мен сүйемелдеуді жүзеге асыру.
3) Басқарманың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
4) облыс әкіміне облыстың мақсаттары, басымдықтары мен даму стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізу;
5) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы және өзге де органдардан, ведомстволардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
6) облыстық әкімдіктің және мәслихаттың, облыстық және өзге де атқарушы органдар алқаларының отырыстарына қатысу;
7) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.
Функциялары:
1) Солтүстік Қазақстан облысының үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу;
2) департаменттермен және салалық басқармалармен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысының бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын әзірлеу, түзету және мониторинг жүргізу;
3) облыстық атқарушы органдардың, аудандық және қалалық экономика бөлімдерінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу мәселелері бойынша қызметіне әдіснамалық басшылық ету, үйлестіру;
4) облыстың, аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және мониторингілеу;
5) Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық паспортын қалыптастыру;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне, Президент Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына және облыс әкімінің аппаратына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат дайындау;
7) Басқарманың құзыретіне жатқызылған облыстық іс-шаралар жоспарларын және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу;
8) Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша республикалық және облыстық бағдарламалық құжаттарды, іс-шаралар жоспарларын және өзге де құжаттарды іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат дайындау;
9) мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарына, техникалық-экономикалық негіздемелерге, қаржы-экономикалық негіздемелерге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия жобалары үшін әзірленетін құжаттамаға экономикалық қорытындылар дайындау;
10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын/концессия объектілерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша құжаттарды экономикалық сараптамалар жүргізу үшін жергілікті атқарушы органмен айқындайтын заңды тұлғаға жіберу;
11) бюджеттік инвестициялық жобаларын, оның ішінде әзірлеу немесе түзету тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия жобаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ, қажетті техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізу жөніндегі тізбені қалыптастыру;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және бекіту;
13) бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу;
14) Қазақстан Республикасының жақын және алыс шетел арасындағы Ынтымақтастық бағдарламалары мен Жол карталарын іске асыру жөніндегі жиынтық ақпарат дайындау;
15) жақын және алыс шетелмен ынтымақтастық туралы ақпарат дайындау;
16) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар отырыстарының хаттамаларын орындау туралы ақпарат дайындау;
17) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат дайындау;
18) облыстың және аудандардың атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша қызметіне әдіснамалық басшылық ету, үйлестіру;
19) өз құзыреті шегінде «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыруды үйлестіру;
20) Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша облыстың елді мекендері туралы жиынтық ақпарат дайындау;
21) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы ақпарат дайындау;
22) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы ақпарат дайындау;
23) өз құзыреті шегінде «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыруды үйлестіру;
24) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
25) облыстың Перспективалы ауылдық елді мекендерінің тізбесін қалыптастыру;
26) өз құзыреті шегінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру;
27) жобалық басқаруды енгізу саласындағы жұмысты үйлестіру;
28) Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын, тапсырыстарын орындау;
29) бухгалтерлік есеп пен есептілікті, кадрлық-құқықтық жұмысты, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу.
30) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;
31) облыстық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
32) облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау;
33) облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар лимиттерін және жоспарлы кезеңге жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;
34) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау және түзету жөнінде ұсыныстар енгізу;
35) облыстық бюджетті бекіту, облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі, облыстық бюджетті нақтылау, түзету және құзыреті шегіндегі басқа да мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының және облыстық мәслихат сессиялары шешімдерінің жобаларын дайындау;
36) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың жоспарланатын кезеңге арналған облыстық бюджет туралы шешімдерін іске асыру туралы облыс әкімдігі қаулыларының және бюджет саясаты бойынша басқа да қаулыларының жобаларын дайындау;
37) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін бюджеттік және өзге де заңнамаға сәйкестігі, қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау;
38) мемлекеттік органдардың қызметін функционалдық талдау.