
Шарифов Данияр Тұрлыханұлы
Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы - мемлекеттік аудитор
Өмірбаян
Данияр Тұрлыханұлы Шарифов 1991 жылы 13 қазан күні Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында дүниеге келген.
2010 жылы Семей политехникалық колледжінің «Құқықтану» мамандығын, 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің «Құқықтану» мамандығын, 2024 жылы «Alikhan Bokeikhan University» «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «Альянс Финанс» ЖШС сот арқылы өндіріп алу коллекторы лауазымынан бастаған. Әр жылдары түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының жетекші маман - мемлекеттік аудитордың ассистенті, бас маман - мемлекеттік аудитордың ассистенті, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының персоналды басқарудың қызметінің бас инспекторының у.м.а., бас маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті, бас инспектор - мемлекеттік аудиторы, Абай облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің бас инспекторы, басшысы болып қызмет атқарды.
2026 жылғы 5 мамырдан бастап Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы - мемлекеттік аудиторы болып тағайындалды.

