
Өмірбаян
1980 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылындағы С.М.Киров атындағы орта мктептің 1-сыныбына барып, оны 1990 жылы бітірген.
1992-1996 жылдар аралығында «Семей» мемлекеттік университетінде студент болып, «Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі» мамандығын алып шықты.
2011 жылы «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін» «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Педагогикалық еңбек жолын 1996–2001 жылдар аралығында Абай облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылындағы «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ-де мұғалім болып бастап, бес жыл қатарынан қарапайым мұғалім қызметін атқарды.
2001–2003 жылдар аралығында «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2003–2008 жылдар аралығында «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры қызметін атқарды.
2008–2012 жылдар аралығында «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ-нің директоры болды.
2012–2023 жылдар аралығында «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры қызметін атқарып келді.
2023 жылғы 6 қаңтардан бастап Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
