
Шарипова Айжан Серікқызы
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ақсуат ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімі
Шарипова Айжан Серікқызы-аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.
Шарипова Айжан Серікқызы-1976 жылдың 08 наурызында Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Қазақстан-Американдық еркін университетін заңгер, заңтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қағаз басушысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінің хатшысы, 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппараты кеңсесінің жетекші маманы, 2007-2014 жылдары Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы. 2014-2017 жылддары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының кеңсе және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2019-2021 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, 2021-2022 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің басшысы, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай облысының Ақсуат ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





