
Ибатуллин Шаукат Зайнуллаевич
Департамент басшысының орынбасары
Өмірбаян
1981 жылы 28 тамызда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ инспекторы болып бастаған.
2014 жылғы қаңтардан 2015 жылғы 12 қаңтарға дейін - ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Астана қаласы Статистика департаментінің респонденттермен жұмыс басқармасының жетекші маманы.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласы Статистика департаменті Заң қызметі басқармасының бас маманы болып тағайындалды.
2015 жылдың сәуірінен 2016 жылдың маусымына дейін Ақтөбе қаласына көшуіне байланысты ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті респонденттермен жұмыс басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2016 жылдың шілдесінен 2018 жылдың 13 желтоқсанына дейін заң басқармасының бас маманы болып тағайындалды.
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының басшысы болып қызмет етті.
2022 жылғы 28 желтоқсаннан бастап Ибатуллин Шаукат Зайнуллаұлы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Үйленген. Екі қызы мен ұлы бар.

