1972 жылы 19 наурызда Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласында дүниеге келген.
1990 жылы «Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитетінің Темір совхоз-техникумын» «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша үздік бітіріп, осы техникумда Темір ауданының комсомол аудандық комитеті құқығында (Қазақстан ЛКЖО ҚР бюросының қаулысы) комсомол комитетінің босатылған хатшысы болып сайланды, осы лауазымда 1993 жылға дейін жұмыс жасады.
Жоғары білімі – Ресей Федерациясының Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті, Экономика және бизнес бакалавры біліктілігін иеленді.
1993 жыл - Ақтөбе облыстық статистика басқармасының агроөнеркәсіп кешені статистикасы бөлімінде экономист.
1996 жыл - қаржы, баға және төлем балансы статистикасы бөлімінде экономист.
2005 жыл - қаржы және шағын кәсіпорын статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінде уақытша бастық лауазымын атқарды.
2011 жыл - ішкі және өзара сауда статистикасы басқармасының бастығы.
2015 жыл - «Қазақстан Республикасының Статистика үздігі» құрметті атағы берілді.
2016 жыл – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2019 жылғы 17 сәуірден бастап Ақтөбе облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.