Хамитов Талғат Амангелдіұлы

    №1 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

    Хамитов Талғат Амангелдіұлы
    Қызметкерлер

    Хамитов Талғат Амангелдіұлы

    №1 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1973 жылы 24 қазанда Орал облысы (қазіргі Батыс-Қазақстан) Шынғырлау ауданы Шынғырлау ауылында дүниеге келген.

    Білімі:

    2000 жылы Талдықорған заң институтын құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

    2003 жылы Алматы Экономика және статистика институтын, "Экономика" факультетін Қаржы мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1991 жылы кәсіптік техникалық училищесін бітірген соң бастады. 1991-1995ж.ж. Орал (қазіргі Батыс-Қазақстан) облысы Қызыл көл совхозында жүргізуші-дәнеркерлеуші қызметінде жасаған. Совхозда жұмыс барысында өзін тәжірибелі маман ретінде танытып, 1993 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығының үздігі» грамотасымен марапатталды. 1995-2004ж.ж. Ақтөбе қалалық базарлар басқармасының инспекторы, аға инспекторы болып жасады. Тәжірибелік және қоғамдық жұмысты сапалы жасауға ұжымды ұйымдастыруда өзін тәжірибелі маман ретінде танытты. 2004-2007ж.ж. «Шығыс Сервис ЛТД» ЖШС-нің директоры қызметінде жұмыс атқарды. Жұмыс уақытында жақсы ұйымдастыру қабілеттерімен өзін сауатты басшы ретінде көрсете білді.

    2007-2009 жылдары «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының жетекші маманы болып жұмыс жасады. 2009 жылдан бастап қазіргі таңда «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы қызметін атқаруда.

    Талғат Амангелдіұлы 2006 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі, еліміздің және өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. Ақтөбе қалалық қалалық мәслихатының IV, V, VI, VIІ шақырылымдарының депутаты. Ақтөбе қалалық мәслихатының IV шақырылымында «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі, «Nur Otan» партиясының облыстық филиал жанында Қазақстандық өнімдер комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының Саяси Кеңес мүшесі болды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХII съезіне шақырылғандардың қатарында және XIII съезінің делегаты болды. «Нұр Отан» партиясының «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің бастауыш партия ұйымының төрағасы. Ақтөбе қалалық мәслихаты V-ші шақырылымның депутаты, Ақтөбе қалалалық мәслихатының VI шақырылымның индустриялық даму, инфоқұрылым және тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып келеді.

    Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Астанаға 10 жыл»(2008ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»(2011ж.), “Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл”, “Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл”, “Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл”, мерекелік медалдары, «Атамекен одағының ІІІ дәрежесі» ордені

    ♦ «AMANAT» Партиясының мүшесі.

    2023 жылғы 19 наурыздан бастап №1 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты болып сайланды.

    Телефоны: +7 (7132) 54-59-69

    E-mail: hamitov_ta @m ail.ru

    Instagram: @khamitov.ta

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері