
Сарсенгалиева Гулнара Акмурзиевна
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Өмірбаян
Сарсенгалиева Гулнара Акмурзиевна
15.10.1972 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы
М.Утемисов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университет
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық университетін бітірген.
1996-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау басқармасының жетекші маманы, бас бақылаушы-ревизор.
2005-2011жылдары –Батыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық басқармасында бас маман, бөлім басшысы.
2011-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің лицензиялау бөлімінің басшысы.
2019-2022 жылдары - Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарады.