Адаев Отызбай Шәріпұлы

    Департамент басшысының орынбасары

    Адаев Отызбай Шәріпұлы
    Заместитель руководителя

    Адаев Отызбай Шәріпұлы

    Департамент басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ тұтыну кооперациялары институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, одан кейін 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылдың қазан айында Халық банкінде есепші-оператор болып бастады.

    1997 жылдың тамыз айынан бастап Салық комитетінің Байғанин ауданы бойынша аға инспекторы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

    2000 жылдың наурыз айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасында аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, бас маман, бөлім бастығы болып тағайындалды.

    2009 жылдың сәуір айында Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Қарғалы ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    2011 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    2014 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    2015 жылдың мамыр айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері