
Сәден Қайрат Жаңабергенұлы
ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
1967 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін "металл кесетін станоктар мен құралдар" мамандығы бойынша, 2004 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін "қаржы және қаржы құқығы" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Жосалы механикалық зауытында токарь болып бастаған.
11.1985 - 12.1987 - Кеңес Армиясы қатарында қызмет ету;
02.1988-12.1988 - Жосалы механикалық зауытының токары;
12.1988 - 07.1994 - Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқушысы;
07.1995-02.1996 - Қармақшы ауданы бойынша Салық инспекциясының маманы;
06.1997 - 09.1997 - Жосалы тұтынушылар қоғамында бухгалтер-маман;
09.1997-03.1998 -Қармақшы ауданы бойынша Салық инспекциясының салық инспекторы;
03.1998-08.2008 - Қармақшы ауданы бойынша Салық комитетінің маманы, жетекші маманы;
08.2008-12.2014 - Қармақшы ауданы бойынша Салық басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы;
12.2014 - 12.2020 - Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы;
12.2020-осы күнге дейін - Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;





