
Бектембаева Назгүл Мүбаракқызы
Жылыой ауданы мәслихат аппаратының басшысы
Өмірбаян
Бектембаева Назгүл Мүбаракқызы- 1981 жылы 17 шілдеде Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген.Ұлты- қазақ.
Білімі жоғары. 2001 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Заң академиясының құқықтану факультетін бітірген. Мамандығы заңгер.
Еңбек жолын 2002 жылы «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңгер қызметінен бастаған. 2002 -2005 жылдар аралығында жетекші маман-заңгер, бас маман-заңгер қызметтерін атқарған. 2005 -2018 жылдар аралығында «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімі меңгерушісі, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бастап Жылыой аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.
