
Өмірбаян
Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы 22 шілде 1982 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген.
Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2004 жылы Орал қаласындағы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген. Мамандығы - қаржы және несие.
Еңбек жолын 2002 жылы «Барыс» ЖШС-де экономист қызметінен бастаған.
2004-2008 жылдар аралығында Жылыой аудандық экономика бөлімінде бас маман.
2008-2013 жылдары аралығында Жылыой ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары.
2013-2020 жылдары аралығында Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2020-2021 жылдары аралығында Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары.
2021 - 2023 жылдары аралығында Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Жылыой аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарады.
Жылыой аудандық мәслихатының 8 шақырылымының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Отбасылы.
