
Әбдікәрім Назым Жанатқызы
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Әбдікәрім Назым Жанатқызы, 1996 жылы 23мамырда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылында дүниеге келдім.
2012 жылы Текелі қаласының №5 орта мектептің 9 сыныбын аяқтап, сол жылы Талдықорған қаласындағы Бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжіне түсіп, 2015 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2016 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясына «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2019 жылы оқуды аяқтадым.
Еңбек жолымды 2015 жылдың 01 шілдесінде Текелі қалалық почта байланыс торабының Салық комитеті ТҚП-ның байланыс операторы болып бастадым. 2015 жылдың 11қарашасында осы лауазымнан өз еркім бойынша жұмыстан босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы, Текелі қаласында орналасқан.
2015 жылғы 28желтоқсанда«Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің инспекторы қызметіне жұмысқақабылдандым. 2016 жылдың 31 мамырында штат санының қысқаруына байланысты Текелі қаласы әкімі аппаратының хатшысы қызметіне ауыстырылдым. 2018 жылғы 15 маусымда атқарған қызметімнен өз қалауым бойынша босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы Текелі қаласында орналасқан.
2018 жылғы 26шілдеде «Текелі кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына кадрлар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалдым. 2022 жылғы 27 мамырдан басқа қызметке ауысуыма байланысты атқарып отырған қызметімнен босатылдым.Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы Текелі қаласында орналасқан.
2022 жылғы 27мамырдан осы уақытқа дейін Текелі қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы қызметін атқарудамын.





