
Жұматаев Самат Серікұлы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жұматаев Самат Серікұлы 1992 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мелиорация, жерді баптау және қорғау» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын "Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының" жастар практикасының бағдарламасы бойынша жұмысынан бастады.
Әр жылдарда "Қайнарлы ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ-нің спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы, "Алматы облысы жер қатынастары басқармасы" ММ-нің инспекторы, "Алматы облысы жер қатынастары басқармасы" ММ-сі жердің құқықтық қатынастары бөлімінің жетекші маманы м.а., Алматы облысы жер қатынастары басқармасы" ММ-сі жердің құқықтық қатынастары бөлімінің жетекші маманы, "Алматы облысы жер қатынастары басқармасы" ММ-сі жер кадастры бөлімінің бас маманы, Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы жер кадастры бөлімінің бас маманы болды.
2022 жылғы қыркүйек айынан Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы жер кадастры бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

