
Сағындықов Қанат Амангелдіұлы
Әуезов ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Қанат Сағындықов 1978 жылы 24 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын тәмамдаған.
1995 жылғы 1 қыркүйектен 1999 жылғы 2 шілдеге дейін – Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтында жұмыс істеді;
2000 жылғы 28 қазаннан 2001 жылғы 2 қазанға дейін - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің бас маманының м. а.;
2001 жылғы 2 қазаннан 30 қазанға дейін - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің бас маманы;
2001 жылғы 12 қарашадан 2005 жылғы 28 қаңтарға дейін - Алматы қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы;
2005 жылғы 28 наурыздан 2006 жылғы 20 ақпанға дейін - Өскемен қаласының «Э кономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің орынбасары.
2006 жылғы 4 мамырдан 2006 жылғы 27 қарашаға дейін - Алматы қаласы «МЖЗҚ Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ маркетинг бөлімінің жетекші маманы;
2007 жылғы 30 сәуірден 2008 жылғы 16 қыркүйекке дейін - Алматы қаласы Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаментінің Түрксіб ауданы бойынша бөлім басшысы;
2008 жылғы 17 қыркүйектен 2008 жылғы 22 қазанға дейін - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің көмекшісі;
2017 жылғы 22 қазаннан 8 тамызға дейін - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы;
2017 жылғы 9 тамыздан 2019 жылғы 11 қарашаға дейін - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары;
2019 жылғы 15 сәуірден 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін – Алматы, Алматы қ. «ӘКК» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры;
2019 жылғы 12 қарашадан 2020 жылғы 21 қаңтарға дейін - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының м. а.;
2020 жылғы 22 қаңтардан 2020 жылғы 23 ақпанға дейін - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары;
2020 жылғы 24 ақпаннан 2022 жылғы 1 қарашаға дейін - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары;
2022 жылғы 2 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары.



