
Есберген Әуезхан Ибрагимұлы
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Есберген Әуезхан Ибрагімұлы 1958 жылы 4 наурызда Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1975 жылы құрылысшы болып бастаған.
1980-1986 жылдары Алматы ауыл шаруашылығы институтында білім алған.
1987-1992 жылдары Аққыр ауылында гараж меңгерушісі;
1992-1997 жылдары Аққыр ауылында инженер-механик;
1997-1999 жылдары «Аққыр» ауылының коммерциялық директорының орынбасары;
1999-2002 жылдары «Шаймағамбет» шаруашылығының төрағасы;
2002 жылдан осы кезге дейін «Туған жер» шаруа шаруашылығының төрағасы болып қызмет атқарады.
Облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен және 2014 жылы I дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісімен, 2016 жылы «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, 2017 жылы Бейбітшілік әлемі халықаралық бірлестігінің «Алтын Қыран» медалімен марапатталған.
Облыстық малшылар слетінің 2015, 2016 және 2017 жылдар жеңімпазы.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің Құрмет Граматосымен марапатталған.
Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты.





