
Құрманбаева Гүлзат Ердаулетқызы
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Курманбаева Гулзат Ердаулетовна 1966 жылы 10 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген.
Білімі-жоғары. 1988 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын тарих және қосымша француз тілі мамандығы бойынша бітіріп шығып, тарих, қоғамтану және француз тілінің мұғалімі біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1988 жылы Сырдария ауданындағы №142 орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастаған.
1990 жылдың 28 қарашасынан 1994 жылдың 14 қазанына дейін Жалағаш кентіндегі №201 орта мектепте тарих пәні мұғалімі;
1994-2005 жылдары Жалағаш кентіндегі №202 орта мектепте тарих пәні мұғалімі;
2005-2007 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы;
2007-2009 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары;
2009 жылдың 25 қыркүйегінен 2016 жылғы 31 қазанына дейін Жалағаш кентіндегі Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп директоры;
2016 жылдың 1 қарашасынан бастап 2021 жылдың 13 қаңтарына дейін Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап аудандық маслихаттың депутаты, Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы қызметінде.





