
Бахтияр Нұрсұлтан Бахтыбайұлы
Ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы
Өмірбаян
Бахтияр Нұрсұлтан Бахтыбайұлы 1994 жылы 27 ақпанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2016 жылы «Ақмешіт» Қызылорда гуманитарлық-техникалық институтын «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы Жалағаш аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінде қоғамдық жұмысшы болып бастаған.
2017 жылғы мамырдан 2017 жылғы қазанға дейін Жалағаш кентіндегі «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының күзетшісі.
2017 – 2021 жылдары Жалағаш кентіндегі «Жалағаш аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлар жөніндегі инспекторы.
2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы наурызға дейін Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы.
2022 жылдың наурыз айынан бастап Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының әкімшілік және кадр қызметі бөлімінің бас маманы .





