
Тәуіпбаев Асылбек Тынарбайұлы
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Тауыпбаев Асылбек Тынарбайұлы 1956 жылы 16 қарашада Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1979 жылы Шымкент қаласындағы химия-технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Шымкент қаласындағы Халық шаруашылығы институтында мұғалім болып бастаған.
1987-2002 жылдары Жалағаш ауданындағы автотранспорт мекемесінің директоры қызметін атқарған.
2002 жылы «Маржан-2002» ЖШС құрып, жолаушылар тасымалдаумен айналысатын мекемені басқарып келеді.
2009 жылдан бастап Жалағаш аудандық «Сыр-кәсібі» бірлестігінің төрағасы.
2020 жылдан бастап «Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясының Жалағаш ауданы бойынша филиалының төрағасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс әкімнің, аудан әкімнің бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.
Жалағаш аудандық мәслихатының бірінші, төртінші шақырылымдарының депутаты болған. Қазіргі таңда жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты.





