
Тәттібаев Жанболат Құрманғалиұлы
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Тәттібаев Жанболат Құрманғалиұлы 1973 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.
2002-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінде «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1992 -2000 жылдары әр түрлі салада жұмыс жасаудан бастаған.
2000-2005 жылдары Жалағаш аудандық электр торабында электромонтёр, 2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық электр тарату торабының Жоғарғы кернеу желісі қызметінде электромонтёр.
2007-2008 жылдары Қызылорда облыстық электр тарату торабының Жоғарғы кернеу желісі қызметінде шебер, 2008-2015 жылдары Жоғарғы кернеу желісі қызметі бастығының орынбасары.
2015-2019 жылдары Жалағаш аудандық Электр торабының бастығы.
2019 жылдан бастап Жалағаш аудандық Электр торабында бас инженер қызметін аткарып келеді.
Осы қызмет атқарған жылдары аралығында Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, Аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған, 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.
2018 жылы Қызылорда облысынын 200 жылдығына байланысты медалімен, 2019 жылы Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының «Еңбегі сіңген энергетик» төсбелгісімен, 2020 жылы «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен марапатталған.
Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихаты.





