
Тәжібаева Ұлжахан Баймұратқызы
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Тәжібаева Ұлжахан Баймұратқызы 1961 жылдың 5 қазанында Қызылорда облысы, Жалағаш кентінде дүниеге келген.
1979-1984 жылдары Алматы мемлекеттік медициналық институтының Шымкент қаласындағы фармацевтикалық филиалында «провизор» біліктілігі бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1984 жылы №6-шы Жалағаш аудандық орталық дәріханасында химик- аналитик болып бастаған.
1985-1991 жылдары №6-ы Жалағаш аудандық орталық дәріханасында аға провизор, 1991-1996 жылдары дәріхана меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
1996-2012 жылдары Жалағаш аудандық орталық ауруханасында дәріхана меңгерушісі болып жұмыс жасаған.
2012 жылдан бастап жеке дәріхана ашып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Бүгінгі күні аудан орталығында екі дәріханасы жұмыс жасайды.
«Аманат» партиясының мүшесі.
Аудан әкімдерінің алғыс хаттары және «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен наградталған.
Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты.





