Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы

    Жалағаш аудандық мәслихат депутаты

    Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы
    Депутат маслихата

    Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы

    Жалағаш аудандық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы 1964 жылы 5 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген.

    Еңбек жолын 1981 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында комбайнер көмекшісі болып бастаған.

    Білімі жоғары. 1988 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының «Музыка» факультетін оқып бітірген.

    1988-1990 жылдары Жалағаш кентіндегі №1 балалар музыка мектебінде мұғалім.

    1990-1996 жылдары Жалағаш ауданының Мәдениет ауылындағы №32 орта мектебінде мұғалім, 1996-1997 жылдары №2 балалар әуез мектебінің директоры.

    1997-2001 жылдары №32 орта мектеп мұғалімі.

    2001- 2005 жылдары Аудандық оқушылар Үйінің директоры.

    2005-2007 жылдары Аудандық мәдениет Үйінің директоры.

    2007-2010 жылдары Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде бас маман.

    2010-2011 жылдары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары.

    2011-2015 жылдары Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары.

    2015 жылдың тамыз айынан бастап бұрынғы «Нұр Отан» қазіргі «Аманат» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып қызмет атқаруда.

    «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 70 жылдық мерейтойына орай «Үздік түлек», «Бұқарбай батырдың 200 жылдығы», «Жалағаш жаршысы» газетінің 80 жылдық, облыстық «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінің «20 жылдық мерекелік» медальдарымен марапатталған.

    ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», 2015 жылы ҚР-ның белсенді әйелдер Ассоциациясының «Алғыс хатымен» марапатталған. Облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшесі.

    Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері