
Базарбай Еркін Базарбайұлы
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Базарбай Еркін Базарбайұлы 1988 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Жалағаш кентінде дүниеге келген.
2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне түсіп, 2010 жылы қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012-2014 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман қызметінен бастаған.
2014 жылдан бастап жеке кәсіпкер. Жалағаш ауданында «Бибігүл ана» сауда дүкенінің иесі.
2018 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі үшін «Жыл кәсіпкері» номинациясымен, 2019-2020 жылдары облыстық «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен және 2020 жылдың Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Кызылорда облысы бойынша бас имамының алғыс хатымен марапатталған.
Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты.





