
Бекжанов Әліби Бақытбекұлы
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Бекжанов Әліби Бақытбекұлы 1973 жылы 9 наурызда Жалағаш ауданы, Жаңаталап (қазіргі Мақпалкөл) ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлер институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген.
1996-2000 жылдары Мақпалкөл ауылындағы Т.Жүргенов атындағы өндірістік кооперативінде инженер – гидротехник.
2000-2003 жылдары «Нұрбек» шаруа қожалығын төрағасы.
2003 жылдан осы кезге дейін «Ер - Әлі» шаруа қожалығының төрағасы.
Облыс және аудан әкімдерінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, 2013 жылы «Қазақстан мәслихатына 20 жыл» мерекелік медалімен және 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» орденімен марапатталған. 2015 жылы Елбасының «Алғыс хатымен» және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты.





