
Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы 1978 жылы 28 тамызда Жалағаш ауданы Аққұм ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Қызылорда Болашақ университетінің «Музыкалық білім» факультетін және 2017 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетін «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Аққұм ауылдық мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып бастаған.
1999-2014 жылдары Аққұм ауылдық клуб меңгерушісі.
2014 жылдың шілде айынан бастап Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының «Аққұм ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы.
Клубта үйірме жұмыстарын жандандырып, тәрбиелеген окушылары республикалық, облыстық, аудандық байқау жүлдегерлері атануда.
Облыстық Мәдениет басқармасының, облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты.





