
Өмірбаян
Жамбыл ауданы әкімінің 2026 жылдың 17 маусымдағы өкімімен Асқар Маратұлы Байдалиев Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
1982 жылы 18 тамызда Жамбыл ауданы Аса ауылында дүниеге келген. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Музыка және ән айту пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2003-2004 жылдары Жамбыл аудандық мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып бастаған. 2004-2005 жылдары Жамбыл аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы,
2005-2014 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2014-2022 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2022-2023 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы,
2023-2024 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің басшысы, 2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Аса ауылдық округінің орынбасары болып еңбек етті.
Отбасылы, 5 бала өсіріп, тәрбиелеуде.





