
Бестереков Сағынбек Қыдыралыұлы
Дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы
Өмірбаян
Жамбыл ауданы әкімінің 2026 жылдың 17 маусымдағы өкімімен Сағынбек Қыдыралыұлы Бестереков Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.
1985 жылы 07 қазанда Жамбыл ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген. 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экология» және М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «Құқықтану», 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің
“Дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолы: 2011-2012 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы Сарысу аудандық филиалында кеңесші; 2012-2013 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы Сарысу аудандық филиалының кеңесшісі; 2014-2022 жылдары Жамбыл ауданы, Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; 2022 жылдың 14 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.
Отбасылы, 6 бала тәрбиелеуде.





