
Хызыр Мейрамбек
Май аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Мейрамбек Хызыр, 1988 жылы 24 қарашада Моңғолия мемлекетінде туған.
1995 - 2006 жылдары Павлодар облысы Май ауданының Жалтыр орта мектебінде оқыған.
Жоғары білімді. 2006-2011 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
журналистика факультетінде білім алған.
2011-2013 жылдары Республикалық «Қазақ үні» газетінің Павлодардағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2008 жылы Павлодар қаласында Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған облыстық шығармашылық байқауда проза жанры бойынша «Зейін Шашкин атындағы сыйлықты» иемденген.
2017 жылы журналистер арасында өткен панкратионнан облыстың абсолютті салмақта чемпионы атанды.
Футбол, үстел теннисі, шахмат секілді спорт түрлерімен шұғылданады және қазақ күресінің «Қазақстан барысы» турниріне Май ауданы атынан қатысқан.
Журналистер күні мерекесіне орай 2 мәрте Павлодар облысы әкімінің грантымен, Құрмет грамотасымен марапатталаған.
Жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады, ауылшарушылығы саласында жылқы өсіруді қолға алған.
Аудандағы жер комисссиясының тұрақты мүшесі.
Қазақ тілі қоғамының мүшесі.
Мақалалалары «Жас Алаш», «Қазақ үні», «Сарыарқа самалы» газеттеріне, өлеңдері мен әңгімелері «Найзатас», «Жалын», «Үркер» журналдарында жарық көрген. Сондай-ақ, «Ертіс толқыны», Қазақ ақындарының антологиясына өлеңдер топтамасы басылған.
2007 жылдың 1 қарашасынан бастап осы күнге дейін Май аудандық «Шамшырақ» газетінде тілшілік қызмет істейді. Қазіргі уақытта газет редакторы. Еңбек өтілі 15 жыл.