
Ластаев Артур Ермекұлы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
1983 жылы Алматы қ. дүниеге келген.
2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.
2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
2015 жылы АҚШ-тың Вирджиния университетінде қылмыстық сот төрелігі бағдарламасы бойынша (сертификат) және АҚШ-тың Куантико қаласындағы ФТБ Ұлттық академиясында (диплом) магистрлік бағдарламаларынан өткен.
2018 жылы Швейцарияның Женева университетінде «Қарулы қақтығыстардағы халықаралық құқық» мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғаған.
2006–2016 жж. – Алматы қаласының прокуратура органдарында және Бас прокуратурада қызмет атқарған.
2016–2022 жж. – Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігіндегі дипломатиялық қызмет.
2022-2026 жж. – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Парламент Сенаты сайланғаннан кейін).
2026 жылғы 24 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
II дәрежелі «Айбын» және «Парасат» ордендерімен, медальдармен және өзге де марапаттармен наградталған.