Ташимов Қазбек Қазиханұлы

    Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасы

    Ташимов Қазбек Қазиханұлы
    Председатель Комитета

    Ташимов Қазбек Қазиханұлы

    Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасы

    Өмірбаян

    Ташимов Қазбек Қазиханұлы 1980 жылғы 27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Каменка ауылында дүниеге келген.

    2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы сол университетте «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.

    Еңбек жолын 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тасқала аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы болып бастады.

    2005-2011 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігі аппаратының түрлі лауазымдарында қызмет атқарған.

    2011 жылдан бастап Қазбек Қазиханұлы Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімін басқарған.

    2015 жылы Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    2017 жылдан 2021 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2021-2024 жылдары Қазбек Қазиханұлы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарған.

    2024 жылдың 23 тамызы мен 4 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

    2024 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері