Ибраев Марат Қазбекұлы

    Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары

    Ибраев Марат Қазбекұлы
    Заместитель Председателя

    Ибраев Марат Қазбекұлы

    Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    1974 жылы 17 маусымда РФ Омбы облысы Исилкөл ауданы Каскат ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін ветеринарлық дәрігер мамандығымен аяқтаған.

    Еңбек жолын 1998 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық ветеринариялық станциясының ветеринарлық дәрігері болып бастады.

    2000 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Облыстық аумақтық басқармасының Ветеринариялық инспектор жетекші маманы, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасының Ветеринариялық бөлімінің бас маман-мемлекеттік ветеринарлық инспекторы лауазымдарын атқарды.

    2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.

    2008 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік - Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы болып ауысу тәртібімен тағайындалды.

    2010 жылдың қыркүйек айынан бастап 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Тасымалданатын объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.

    2012 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Тамақ өнімдері мен орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, 2012 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы орынбасары, 2019 жылдың маусым айыннан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымдарын атқарған.

    2025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы
    Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері