
Таңатжан Мұхтар Таңатжанұлы
Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Таңатжан Мұхтар Таңатжанұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Ақжайық ауданы, Харкин ауылы. Жоғары білімі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша бітірген.
01.10.2009 - 05.01.2011 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Тасқала ауылы .
05.01.2011 - 18.06.2012 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы, Тасқала ауылы .
18.06.2012 - 22.01.2015 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Тасқала ауылы.
22.01.2015 - 28.06.2019 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Тасқала ауылы.
01.07.2019 - 20.10.2019 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, Оян ауылы .
21.10.2019 - 20.04.2022 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округінің әкімі, Оян ауылы .
21.04.2022 - н/уақыт бойынша Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.




