БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІҢ ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІҢ ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТЕТІН ОРНЫ: ОЯН АУЫЛЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ СҰРАҚТАР МЕН ҰСЫНЫСТАР ҮШІН: ӨТЕТІН КҮНІ: 23 ҚЫРКҮЙЕК 2026 ЖЫЛ, САҒАТ 16:00-ДЕ ☎ +7 7710243741 ✉ [email protected] Instagram: @taskalaakimdigi Құрметті аудан тұрғындары! Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т. Төреғалиевтің 2026 жылдың 23 қыркүйек күні сағат 16.00-де Тасқала ауданы, Тасқала ауылында халықпен кездесуі өтеді. Өтетін уақыты: 23.09.2026 ж. сағ. 16.00 Аудан тұрғындары өздерінің сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін алдын ала [email protected] электронды поштасына және +7 771 027 37 41 WhatsApp желісіне жолдауына болады. Сонымен қатар, Тасқала ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімі блогі сілтемесі бойынша электронды форматта жолдауыңызға болады. Ұсыныс-пікірлерді жолдаған кезде жіберушінің аты-жөні, тұратын мекенжайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек. Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу өткеннен кейін облыс әкімі мен сала басшылары азаматтарды жеке қабылдау өткізетін болады.



