
Жаксиев Азамат Конысович
Аппарат акима Мукурского сельского округа Кызылкогинского района
Өмірбаян
Жақсиев Азамат Қонысұлы 1989 жылы 12 қазанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары. 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Миялы ауылдық округі әкімі аппаратында салық маманы болып бастаған. 2012 жылдың мамыр-қараша айларында Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінде заңгер; 2012-2017 жылдары Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы; 2017-2019 жылдары Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы; 2019 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
