
Қожамсейітов Ахмедия Шабданұлы
Шортанды аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы» ҚБ депутаттық фракциясының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
1964 жылы 16 наурызда дүниеге келген.
1983 жылдан 1985 жылға дейін КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды.
Білімі - жоғары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы Заң институтын бітірген.
1985-2010 жылдары Ақмола облысы ІІД ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 2011-2018 жылдары Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта – «AMANAT» партиясы» аудандық филиалы атқарушы хатшысының.
«AMANAT» партиясы» ҚБ мүшесі.





