
Горкушева Галина Ивановна
Шортанды аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы
Өмірбаян
1968 жылы 3 сәуірде дүниеге келген.
Білімі-жоғары, «Көкше» академиясын педагог-психолог мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Шортанды кентінің аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып бастады, одан кейін Дамса ауылының ауылдық клубында әдіскер, аудандық орталық аурухананың санитаркасы, медициналық-әлеуметтік мекеменің мәдени қызметкері болды.
2003 жылдан бастап Ақмола облысы әкімдігінің «Шортанды қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ директоры.
Отбасы жағдайы: Тұрмыста, екі ұлы бар.
«AMANAT» партиясы» ҚБ мүшесі.





