
Жүсіпбеков Мағжан Рамазанұлы
Ақжар аудандық мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Мағжан Рамазанұлы Жүсіпбеков 1963 жылы 4 маусымда Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Талшық ауылында дүниеге келген. Көкшетау мәдени-ағарту училищесін (1984 ж.), Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын (1990 ж.) бітірген, білімі жоғары «Клуб қызметкері және хор ұжымының жетекшісі мәдени-ағарту жұмысы».
Еңбек жолын 1984 жылы мұнара кранының машинисі болып бастады, 1985 жылдан бастап автоклуб меңгерушісі, Ленин мәдениет бөлімінде әдіскер, мәдениет үйінің директоры болып жұмыс істеді.
1990 жылдан бастап АӨК кәсіподағының Ленин ауданына мәдени-бұқаралық жұмыс және кино бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды.
1994 жылдан-Көкшетау облысы Ленин ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1997-2003 жылдары Ақжар ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
2003 жылдан бастап Ақжар ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2005-2006 жылдары -Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары.
2006-2010 жылдары-Ақжар ауданының аудандық мәдениет үйінің директоры.
2010 жылдың ақпан айынан 2023 жылдың 24 наурызына дейін Ақжар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды.
2023 жылғы 30 наурызда сегізінші шақырылымның Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
