
Өмірбаян
Тайиров Армидин Шамшидинович 06.12.1960 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылында дүниеге келген.
Тайиров Армидин Шамшидинович 1968 – 1978 жылдары Ават орта мектебінде білім алған. 1978-жылы Талғар ауылшаруашылық техникумына оқуға түсіп, оны 1984 жылы аяқтаған. 1980-1982жылдары әскери қызметін атқарған.
1986 - 1993 жылдары Қазақстан ауылшаруашылығы иниститутының ғалым агроном мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1984 жылы Талғар ауданының Луч Востока совхозында қойма меңгерушісі болып бастаған. 1985 -1986 жылдары Ұйғыр ауданының Ават ауылындағы «Ильтыз» колхозында есепші жұмысын атғарған.
1986 - 1993 жылдары Қазақстан ауылшаруашылығы иниститутының ғалым агроном мамандығы бойынша білім алған. 1986-1987жылдар аралығында жоғарыда аталған колхоздың №2 бригадасына агроном, 1987- 1988 жылдары «Ильтыз» колхозының бастауыш комсомол ұжымына бірінші хатшы, 1988-1989 жылдар аралығында клуб меңгерушісі, 1989 – 1990жж №1 бригадада бригадир, 1990-1993 жылдары Ават кооперативінде бас агроном қызметтерін атқарған.
1993 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жеке шаруашылық ұйымдастырып «Ильтыз» шаруа қожалығының төрағасы болып жумыс атқарып келуде.
2007 жылдан 2016 жылға дейін АО «Казагромаркетинг» Ұйғыр ауыданы бойынша маркетолог қызметін жасаған. Сонымен қатар 2017 жылы «Қуяш» жеке балабақшасын салып сол балабақшада 2021 жылға дейін директор қызметін атқарған.
2017-жылдан Ұйғыр ауданы фермерлер одағының төрағасы. Ұйғыр ауданында ХДПП «Ауыл» партиясының төрағасы.
2021 жылы Ұйғыр аудандық маслихатының депутаты болып сайланды. 2021 жылдың қараша айынан бастап Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы.





