
Өмірбаян
1985 жылы 18 сәуірде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналист мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2008 жылы республикалық «Ана тілі» газетінде тілші болып бастаған. 2012 жылға дейін аталмыш басылымда тілші, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2012 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Ұйғыр аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетінде директор-бас редактор болып жұмыс істеп келеді.





