
Өмірбаян
1991 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «қаржыгер» мамандық бойынша бітірген. 2013 жылы аталған академияның магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалы «Ұйғыр ауданының жастары» кеңесшісі болып бастаған.
2014 - 2015 жылдары «Қамқор» кәсіподақ бірлестігінің есепшісі, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімінде инспектор қызметін атқарған.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ұйғыр ауданының жастар ресурстық орталығының» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі қызметін атқарған.
2021 -2022 жылдары аудандық мәдениет үйінің әдіскері.
Қараша айынан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.





