Шаудирбаев Габит Нургалиевич

    Депутат маслихата

    Шаудирбаев Габит Нургалиевич
    Депутат маслихата

    Шаудирбаев Габит Нургалиевич

    Депутат маслихата

    Өмірбаян

    Өмірбаяны

    Шәудірбаев Ғабит Нұрғалиұлы, 1966 жылы 27 қарашада Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Бала дәрігері.

    Өзен қаласында қалалық біріккен медицина мекемесінде интерн дәрігер, Маңғыстау ауданында аудандық орталық ауруханасының аға бала дәрігер және неонотолог дәрігер, Таушық ауылы отбасылық дәрігерлік амбулаториясында бала дәрігер, Форт-Шевченко қаласында аудандық орталық аурухана бас дәрігер, Маңғыстау ауданында аудандық орталық ауруханасының аға бала дәрігер және неонотолог дәрігер болып қызметтер атқарған.

    2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Таушық ауылы дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер болып қызмет атқарады.

    Жоғарғы дәрежелі жалпы практика дәрігері.

    «Шапағат» мүшесі, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы үздік медицина қызметкері», «Гиппократ» және «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

    Жетінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Жанұялы. Таушық ауылының тұрғыны.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері