
Өмірбаян
Өмірбаян!
Мен Тилепов Наурызбек Билялович 1984 жылы 15 наурызда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келдім. Қарапайым қазақ отбасының 9 баланың ең кенже ұлымын. 1991 жылы С.М. Киров орта мектебінің табалдырығын аттап, 2001 жылы Е.Өмірбаев атындағы орта мектептің түлегі атандым. Білімім жоғары. 2003-2008 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында білім алып, «Инженер құрылысшы» мамандығына ие болдым. Еңбек жолын 2006 жылы бастадым. Әр түрлі салада қызмет етіп, 2020 жылдан бері ТОО «KAZ General Industrial Services» мекемесінің негізін қалап, кәсіпкерлік салада қызмет атқарып келемін. Отбасылымын, 6 баланың әкесімін.



