
Өмірбаян
Өмірбаяны
Байбатырова Айнагүл Бектұрғызы 29 тамыз 1979 жылы, Түпқараған ауданы Форт Шевченко қаласында дүниеге келді. 1986 жылы М.Горкий атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1996 жылы тәмәмдады. 1996-2000 жылы аралығында Ш.Есенов атындағы университетінің "Экономика және құқық" мамандығы бойынша жоғары білім алды. Тұрмыста, екі қызы бар. 2000-2004 жылдар аралығында "Жолаушы тасымалдау" бойынша жеке кәсіпкер болды. 2004-2011 жылдары Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінде қызмет етті. 2012-2016 жыл аралықтары мүгедектермен жұмыс жасады. 2016 жылғы ақпаннан бастап қазіргі таңға дейін Маңғыстау облысы "Азаматтық құқық" ҮЕҰ директоры.




