Рахметов Абдуали Өмірзақұлы
7 шақырылым депутаты
Өмірбаян
Рахметов Абдуали Өмірзақұлы 1958 жылы 30 қаңтарда Арал ауданына қарасты Ұялы елді-мекенінде дүниеге келген. 1965 жылы 1-сыныпқа барып, 1975 жылы Қазалы ауданындағы №216 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративтік –құрылыс институтына түсіп, 1981 жылы Жамбыл гидромелиоративтік –құрылыс институтының Қызылорда филиалының ауыл шаруашылығы бойынша инженер құрылысшы мамандығын алған.
Алғашқы жұмыс өтілін 1981 жылы «Сельхозэнерго» мекемесінде мастер болып бастаған. 1981-1983 жылдар аралығында Ленинград округінде әскери қызметте болған. 1983 жылы әскерден келгесін қайтадан Қазалы ауданы «Сельхозэнерго» мекемесіне жұмысқа тұрып, мастер, прораб болып қызмет жасаған. 1987-1994 жылдар аралығында Қазалы ауылшаруашылығы басқармасында (РАПО) аға инженер, ПМК-06 мекемесінде аға прораб, СПМК «Агроводоснабжение» мекемесінде бас инженер қызметтерін атқарған. 1995 жылы «Қазалыводстрой» тресіне басқарма бастығының орынбасары қызметіне ауысқан. 1997 жылы жеке кәсіпкерлікке ауысып, аудан экономикасын көтеруге жұмыс жасаған. 2000-2004 жылдар аралығында Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылына инвестор болып барып, сол ауылда 4 жыл күріш егіп, егін саласымен айналысқан, «Ақжона» ЖШС-нің директоры болған. 2004-2006 жылдар аралығында Қазалы ауданының «Көркейту» мекемесінің директоры қызметін атқарған. 2007 жылдан бастап кәсіпкерлікті жандандырып, Әйтеке би кентінен «Машина жөндеу стансасын», пластикалық есік-терезе жасайтын цех ашқан. Қазір бұл ғимараттар жұмыс жасауда. 2010-2011 жылдар аралығында кәсіпкерлікпен қоса, «РЗА-Агро» мекемесін басқарған.



