Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы

    7-ші шақырылым депутаты

    Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы
    Депутат маслихата

    Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы

    7-ші шақырылым депутаты

    Өмірбаян

    Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы 1984 жылы 22 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қаржы және қаржылық құқық мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық уиверситетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Алғаш еңбек жолын 2005 жылы «Теміржолжылу-Қазалы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электронды есептеу машинасының операторы болып бастаған.

    2005-2006 жылдары Теміржолжылу-Қазалы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2 категориялы бухгалтері,

    2006-2011 жылдары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Қазалы пайдалану вагон депосы» филиалының жетекші инженер экономисті,

    2011 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы,

    2011-2012 жылдары «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;

    2012-2013 жылдары Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы,

    2013 жылдың мамыр-қыркүйек айларында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысының міндетін қоса атқарушы,

    2013-2017 жылдары Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы,

    2017-2018 жылдары «Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарған.

    2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.

    2021 жылдан бастап « Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері