
Мустафина Гульнара Сергеевна
Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Мұстафина Гүлнара Сергеевна, 1968 жылы 20 тамызда Целиноград облысы, Балкашин ауданы, Балкашин ауылында дүниеге келген. AMANAT партиясының мүшесі.
1975 жылдың қыркүйегінен 1983 жылдың маусымына дейін Целиноград қаржы-экономикалық техникумында «Мемлекеттік сақтандыру» мамандығы бойынша оқыды, біліктілігі «Қаржыгер». 2002 жылдан 2006 жылға дейін Көкшетау университетінде «Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқыды, біліктілігі «Экономист».
1986 жылдан 1995 жылға дейін Балкашин аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясында аға экономист болып жұмыс істеді. 1995 жылдан 1997 жылға дейін «Алтын дән» АҚ есеп айырысу үстелінің бухгалтері болып жұмыс істеді.
1997 жылдан 2016 жылға дейін «Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2016 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың наурызына дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақмола облыстық филиалының №320100 Сандықтау аудандық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
Отбасылық жағдайы - жесір. Екі ұлы бар: Зарлықов Нариман Абайұлы, 28.08.1991 жылы туған, үйленген, бір баласы бар, «CLN» ЖШС жол - құрылыс ұйымында жабдықтаушы болып жұмыс істейді, Балкашин ауылында тұрады. Зарлықов Әлихан Абайұлы, 25.08.1999 жылы туған, «Alma Premium» ЖШС сауда өкілі болып жұмыс істейді, Астана қаласында тұрады.
