
Мырзыкешов Медет Нығметоллаұлы
Курчатов қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
25 қыркүйек 1988 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Шынқожа ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі: жоғары. 2005-2008 жылдары Семей қаласы Шәкәрім атындағы СМУ колледжін бітірген. 2008-2011 жылдары Семей қаласы Шәкәрім атындағы СМУ университетін бітірген. 2015 жылы Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінің құқықтану мамандығын тәмамдаған.
2008-2012 жылдары Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне келісім шарт бойынша жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары «Таскара» әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағында, 03.01.2013-01.09.2013 жыл аралығы «Горняк» әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағында, 2013-2014 жылдары Суздаль жедел взводында құтқарушы. 21.04.2014-23.06.2014 жыл аралығында Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы.2014-2016 жылдары Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы. 2016-2020 жылдары Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы. 2020-2021 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары. 2021-2024 жылдары Аягөз қаласының әкімі. 2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы қыркүйекке дейін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары. 2025 жылғы 8 қыркүйектен бастап - Курчатов қаласы әкімінің орынбасары.


