
Жолдахмет Берік Серікұлы
Курчатов қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1990 жылғы Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді: 2012 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Білім беру, әділет, жастар саясаты және коммуналдық салада қызмет атқарған. Курчатов қаласындағы жастар орталықтары мен мекемелерінде басшылық қызметтер атқарып, сондай-ақ Үржар ауданы Көкөзек ауылдық округінің әкімі болған. 2022 жылдан бастап 2026 жылдар аралығында Абай облысы Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған. 2026 жылғы 21 мамырдан бастап Курчатов қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


